𝑺𝒕𝒂𝒔 𝑷𝒐𝒌𝒂𝒕𝒊𝒍𝒐𝒗 🔒🧱
Kazakhstan Football Federation
Қазақстан футбол федерациясының ресми парақшасы / The official page of Kazakhstan Football Federation
Джон ван ’т Шкип «Жеңіс» – «Алтай» арасындағы Премьер-лига матчын тамашалады
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип селекциялық жұмыс аясында Астана қаласында өткен Премьер-лиганың 24-турының «Жеңіс» пен «Алтай» арасындағы матчын тамашалады.
Джон ван’ т Шкиппен бірге кездесуге оның көмекшілері Нұрбол Жұмасқалиев, Елдос Ахметов пен Вадим Боровский қатысты.
Матчтарға тікелей қатысу ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына командаға үміткер ойыншылардың қазіргі ойын бабын, тактикалық дайындығын, сондай-ақ физикалық және психологиялық әзірлігін көзбе-көз бағалауға мүмкіндік береді.
27/08/2026
👊🏻 𝑻𝑯𝑬 𝑳𝑨𝑺𝑻 𝑺𝑻𝑬𝑷! 🔥
Бүгін ел чемпиондары алматылық «Қайрат» УЕФА Еуропа лигасына іріктеу плей-офф кезеңінің шешуші ойынында бельгиялық «Андерлехтпен» ойнайды. Матч Бельгия астанасы Брюссель қаласындағы «Лотто Парк» стадионында өтеді. Бір апта бұрын Алматыда өткен алғашқы кездесу бельгиялықтардың пайдасына 0:3 есебімен аяқталды.
ℹ️ Жұп жеңімпазы 2025/26 жылғы УЕФА Еуропа лигасы маусымының жалпы кезеңінде ойнайды, ал екінші команда еуро-маусымды УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінде өткізеді!
Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!
Алға, Қазақстан! Алға, «Қайрат»! 💪🏻🇰🇿
|
26/08/2026
🔜 Ұлттар лигасының басталуына 1 ай қалды
🏟️ 26 қыркүйек күні Ұлттар лигасының алғашқы матчында Фарер құрамасымен кездесеміз.
🏆 Ұлттар лигасының С дивизионы 3-тобында Фарер аралдары, Словакия және Молдова құрамаларымен ойнаймыз.
🇫🇴 Фарер аралдары – Қазақстан 🇰🇿
🏆 Ұлттар лигасы, С дивизионы, 3-топ
📆 26.09.2026
🏟️ «Торсволлур» стадионы, Торсхавн
💛💙 |
26/08/2026
Туған күнің құтты болсын, Саня! 💪🏻
🇰🇿 Бүгін ұлттық құраманың қақпашысы Александр Заруцкий 33 жасқа толып жатыр.
Қақпашымызды туған күнімен құттықтай отыра, жарақатынан тезірек сауығып кетуін тілейміз! 🙌🏻
💛💙
26/08/2026
🇰🇿 Стас, құттықтаймыз!
Ұлттық құраманың қақпашысы Стас Покатиловты «Сабахтың» Sabah FC командасының алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуымен құттықтаймыз👏
«Сабах» қарымта матчта «Хапоэльді» 5:2 есебімен жеңіп, тарихи нәтижеге қол жеткізді.
Стас, саған және командаңа Чемпиондар лигасында сәттілік тілейміз ✊🏽
💙💛
20/08/2026
«Қайрат» бірінші ойында ірі есеппен жеңіліс тапты 😔
УЕФА Еуропа лигасына іріктеу плей-офф кезеңінің қарымта кездесуі бір аптадан кейін Бельгияда «Андерлехттің» алаңында өтеді.
|
20/08/2026
🏆 𝐏𝐋𝐀𝐘-𝐎𝐅𝐅 𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘! 💪🏼
Бүгін «Қайрат» УЕФА Еуропа Лигасына іріктеудің плей-офф кезеңіндегі бельгиялық «Андерлехтке» қарсы бірінші матчын өткізеді. Матч Алматыда 20:00-де өтеді.
Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!
Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿
|
19/08/2026
Бекболат, Тұяқбаев пен Басманов – Ұлттық құрамада 😍
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип УЕФА Ұлттар лигасының алғашқы матчтарына шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.
Ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне 4️⃣1️⃣ футболшы енді
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the business
Telephone
Website
Address
Baurzhan Momyshuly 5A
Tselinograd
010000
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:30 |
| Tuesday | 09:00 - 18:30 |
| Wednesday | 09:00 - 18:30 |
| Thursday | 09:00 - 18:30 |
| Friday | 09:00 - 18:30 |