02/10/2026
ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
Жаңаөзен қаласында дәстүрлі садақ атудан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізіледі. Жарыс 5-8 қазан аралығында ұйымдастырылады.
Ел біріншілігіне еліміздің әр өңірінен келген жас мергендер қатысып, дәстүрлі садақ атудың бірнеше нысанасы бойынша өзара бақ сынайды.
Жарыс барысында спортшылар мергендігі мен шеберлігін, дәлдігі мен ептілігін сынға салып, жүлделі орындар үшін бәсекеге түседі.
Ел чемпионатының басты мақсаты – жас спортшылардың шеберлігін шыңдау, үздік мергендерді анықтау және дәстүрлі садақ атуды жастар арасында кеңінен насихаттау. Сонымен қатар мұндай республикалық жарыстар болашағынан үміт күттіретін спортшыларды іріктеп, олардың алдағы ірі додаларда тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді.
Чемпионат қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталады.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!