Школа Высшего Спортивного Мастерства

Школа Высшего Спортивного Мастерства Школа высшего спортивного мастерства

XX жазғы Азия ойындарына дайындықАзия ойындары — құрлықтағы ең ірі әрі маңызды спорттық додалардың бірі. Ол Азия елдерін...
20/08/2026

XX жазғы Азия ойындарына дайындық

Азия ойындары — құрлықтағы ең ірі әрі маңызды спорттық додалардың бірі. Ол Азия елдерінен келген үздік спортшыларды спорттың ондаған түрі бойынша біріктіреді. Ауқымы, бәсекелестік деңгейі және спортшылар үшін маңыздылығы жағынан Азия ойындары Олимпиада ойындарымен деңгейлес және Азия спортшылары үшін басты халықаралық жарыстардың бірі болып саналады. Мұндай бәсекеге қатысу — әрбір спортшы үшін үлкен мәртебе әрі спорттық мансабындағы маңызды кезең.

«ЖСШМ» КММ спортшылары Александра Залюбовская және Мария Шувалова Жапонияның Айти префектурасы, Нагоя қаласында 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетін XX жазғы Азия ойындарына жеңіл атлетика спорт түрінен қатысушылар құрамына енді.

Сондай-ақ спортшылардың «ЖСШМ» КММ басшысы Д.А. Жоломановпен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында Азия ойындарына дайындық, жаттығу процесі және алдағы жарыстағы өнер көрсетуге қатысты мәселелер талқыланды. Кездесу соңында басшы спортшыларға сапалы дайындық жүргізіп, халықаралық аренада спорт мектебінің намысын абыроймен қорғауға көмектесетін жаңа мамандандырылған adidas Adizero Prime SP4 шипті кроссовкаларын жеке өзі табыстады.

ЖСШМ үшін спортшыларға жоғары деңгейдегі жарыстарға сапалы дайындалып, нәтижелі өнер көрсетуі үшін қажетті жағдай жасау маңызды. Біз спортшыларымызға басты додаға дейінгі дайындық жолында жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырамыз.

Александра мен Марияға сенімділік, жоғары деңгейдегі дайындық, жарқын өнер көрсету және толағай табыстар тілейміз!

Жанкүйер болып, өз спортшыларымызға қолдау көрсетейік! Алға, жеңістерге!

Павлодар облысының «ЖШСМ» оқушылары, жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының спорт шеберлері Безруков Александр мен ...
04/08/2026

Павлодар облысының «ЖШСМ» оқушылары, жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының спорт шеберлері Безруков Александр мен Сутжанов Дамилге Nike Maxfly 2 кәсіби жеңіл атлетикалық шиповкалары табысталды. Спортшылар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Тихонович Кольевтің жетекшілігімен жаттығады.
Спорттық аяқ киімді «ЖШСМ» басшысы Жоломанов Дархан Әдеппайұлы табыстады. Кездесу барысында өткен жарыс кезеңінің қорытындылары талқыланып, алдағы дайындық жоспарлары мен спорттық мансапты одан әрі дамыту перспективалары қарастырылды. Басшы спортшыларға нәтижелі жаттығулар, өз күштеріне сенімділік және алдағы уақытта жаңа спорттық жетістіктер тіледі.

Учащиеся «ШВСМ» Павлодарской области — мастера спорта Республики Казахстан по лёгкой атлетике Безруков Александр и Сутжанов Дамил, тренирующиеся под руководством Заслуженного тренера Республики Казахстан Кольева Виктора Тихоновича, получили профессиональные легкоатлетические шиповки Nike Maxfly 2.
Экипировку спортсменам вручил руководитель ШВСМ Жоломанов Дархан Адеппаевич. В ходе встречи были обсуждены итоги прошедшего соревновательного периода, дальнейшие планы подготовки и перспективы развития спортивной карьеры. Руководитель пожелал спортсменам продуктивных тренировок, уверенности в своих силах и дальнейшего спортивного роста.

sport_baskarmasy_pvl
Дархан

Бүгін ерлер мен әйелдер арасындағы тоғызқұмалақтан Әлем кубогі аяқталды. Жарыс 16 шілдеден бастап Чехияның Пардубице қал...
21/07/2026

Бүгін ерлер мен әйелдер арасындағы тоғызқұмалақтан Әлем кубогі аяқталды. Жарыс 16 шілдеден бастап Чехияның Пардубице қаласында өтті.
Халықаралық додаға 10 мемлекеттен 60-тан астам спортшы қатысты. Ұлттық ойын шеберлері үш бағдарлама бойынша — классика, рапид және блиц бойынша жеңімпаздарды анықтады.
Павлодар облысының ЖШСМ спортшылары жоғары нәтиже көрсетті:
Керейбаев Ринат — 1 орын (блиц)
Ауталипов Ерасыл — 1 орын (классика)
Баилдяшева Жамиля — 2 орын (рапид), 3 орын (блиц)

Спортшыларымыз бен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары А.И. Капаевты және Ш.К.Кашкеновты құттықтаймыз!
Ендігі кезекте спортшыларымызды тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты күтуде. Аталған жарыс 20–28 қыркүйек аралығында Румынияның Бухарест қаласында өтеді.
Спортшыларымыз маңызды додаға дайындық жұмыстарын жалғастыруда.
Әлемдік аренада өнер көрсететін спортшыларымызға сәттілік пен сенімді ойын тілейміз!


pvl.kz

Бүгін ерлер мен әйелдер арасындағы тоғызқұмалақтан Әлем кубогі аяқталды. Жарыс 16 шілдеден бастап Чехияның Пардубице қал...
21/07/2026

Бүгін ерлер мен әйелдер арасындағы тоғызқұмалақтан Әлем кубогі аяқталды. Жарыс 16 шілдеден бастап Чехияның Пардубице қаласында өтті. Халықаралық додаға 10 мемлекеттен 60-тан астам спортшы қатысты. Ұлттық ойын шеберлері үш бағдарлама бойынша — классика, рапид және блиц бойынша жеңімпаздарды анықтады. Павлодар облысының ЖШСМ спортшылары жоғары нәтиже көрсетті: Керейбаев Ринат — 1 орын (блиц) Ауталипов Ерасыл — 1 орын (классика) Баилдяшева Жамиля — 2 орын (рапид), 3 орын (блиц) Спортшыларымыз бен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары А.И. Капаевты және Ш.К.Кашкеновты құттықтаймыз! Ендігі кезекте спортшыларымызды тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты күтуде. Аталған жарыс 20–28 қыркүйек аралығында Румынияның Бухарест қаласында өтеді. Спортшыларымыз маңызды додаға дайындық жұмыстарын жалғастыруда. Әлемдік аренада өнер көрсететін спортшыларымызға сәттілік пен сенімді ойын тілейміз!


pvl.kz

15-17 шілде аралығында Қостанай қаласында өткен маунтинбайктан XCO және XCC бойыншаҚазақстан Республикасының Ұлттық чемп...
17/07/2026

15-17 шілде аралығында Қостанай қаласында өткен маунтинбайктан XCO және XCC бойынша
Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионатында ЖСШМ спортшысы
ГЕНЕЛЕВА ТАТЬЯНА екі дисциплина бойынша абсолютті чемпион атанды!

🥇 XCO – І орын
🥇 XCC – І орын

Жеңіспен спортшы және жаттықтырушы Т.Ж.Шакратовты құттықтаймыз!Жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!

.pvl.kz

13-16 шілде аралығында Алматы қаласында конькимен мәнерлеп сырғанаудан ҚР жазғы чемпионаты өтті, оған Павлодар облысының...
17/07/2026

13-16 шілде аралығында Алматы қаласында конькимен мәнерлеп сырғанаудан ҚР жазғы чемпионаты өтті, оған Павлодар облысының ЖСШМ спортшылары қатысты.
Санникова Мария чемпионаттың 🥇 алтынын жеңіп алды, ал Санникова Анна 6 орынға ие болды.
Тамаша нәтижемен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!
————————————————————————
В период с 13 по 16 июля в городе Алматы прошел Летний Чемпионат РК по фигурному катанию на коньках, где участвовали спортсменки ШВМС Павлодарской области.
Санникова Мария завоевала золото🥇 чемпионата, а Санникова Анна заняла 6 место.
Поздравляем с отличным результатом и желаем новых побед!
.pvl.kz

15/07/2026

Кеше 14 шілде күні Павлодар облысының ЖСШМ спортшылары Мария Шувалова мен Анастасия Цвиркунованы салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Олар Қытайда өткен жеңіл атлетикадан 23 жасқа дейінгі Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды!
Спортшыларымызды және бүкіл жаттықтырушылар құрамын лайықты үшінші орындарымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!
————————————————————————————————
Вчера, 14 июля, прошла торжественная встреча учащихся ШВСМ Павлодарской области - Шуваловой Марии и Цвиркуновой Анастасии, которые завоевали бронзовую медаль на Чемпионате Азии U-23 по легкой атлетике в Китае! Мы от всей души поздравляем спортсменок и весь тренерский состав с заслуженным третьим местом и желаем дальнейших успехов!


pvl.kz

Address

Pavlodar

Telephone

+77182619355

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Школа Высшего Спортивного Мастерства posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Школа Высшего Спортивного Мастерства:

Shortcuts

Share

Category