Центр Активного Долголетия г. Алматы

Центр Активного Долголетия г. Алматы Наш центр - это организация социально-культурного досуга и ежедневного обучения, а также преемственности поколений.

03/10/2026
02/10/2026

Біздің Белсенді ұзақ өмір орталығы бұқаралық-ақпарат құралдарымен тығыз байланыста! Орталықта атқарылып жатқан игі істер мен қаншама еңбекті ел алдына шығарып, насихаттауда БАҚ өкілдеріне алғысымыз шексіз!
Біздің мақсатымыз - аға буынның белсенді, бақытты және салауатты өмірін көрсету. Сіздердің қолдауларыңызбен бұл жұмыстар одан әрі жалғаса береді! Бізбен бірге болғандарыңызға рақмет!

Наш Центр активного долголетия в тесном контакте со средствами массовой информации!
Выражаем огромную благодарность представителям СМИ за освещение нашей работы и за то, что доносите до населения информацию о всех наших добрых делах и трудах! Наша цель - показать активную, счастливую и здоровую жизнь старшего поколения. Благодаря вашей поддержке эта работа будет продолжаться!
Спасибо, что вы с нами! #белсендіұзақөмір #центрактивногодолголетия #скандинавиялықжүріс

02/10/2026

Орталығымыздың басшысы Айгүл Тұрарқызы Евразия телеарнасының танымал “Koremiz show” бағдарламасында қонақта болды!
Евразия арнасы ұжымына шақырту үшін алғыс білдіреміз!

Руководитель нашего центра Айгуль Тураркызы стала гостем программы “Koremiz show” на телеканале Евразия!
Благодарим коллектив телеканала Евразия за приглашение! #белсендіұзақөмір #центрактивногодолголетия #цад

*БАҚ БЕТТЕРІНДЕ!*Белсенді ұзақ өмір орталығында 1-қазан – Қарттар күніне орай өткен шахмат турнирі “Вечерний Алматы” газ...
02/10/2026

*БАҚ БЕТТЕРІНДЕ!*
Белсенді ұзақ өмір орталығында 1-қазан – Қарттар күніне орай өткен шахмат турнирі “Вечерний Алматы” газетінде жарияланды!
Біздің қарияларымыздың белсенділігі мен жеңіске деген құлшынысы - жастарға үлгі!
Газет ұжымына ақпараттық қолдау көрсеткені үшін үлкен алғыс білдіреміз!

*МЫ НА СТРАНИЦАХ СМИ!*
Турнир по скандинавской ходьбе, прошедший в Центре активного долголетия ко Дню пожилых людей – 1 октября, был опубликован в газете «Вечерний Алматы»!
Активность и стремление к победе наших услугополучателей – пример для молодежи!
Выражаем большую благодарность коллективу газеты за информационную поддержку!

02/10/2026

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Күміс университет» жобасы аясында аға буын тыңдаушыларымен «1 қазан – Халықаралық қарттар күнін » атап өтті
«Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» дейді халқымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз бен тәлім-тағылымдарыңыз – біз үшін баға жетпес байлық• Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат және ұзақ ғұмыр тілеймін. Шаңырақтарыңыз шаттыққа, жүректеріңіз жылулыққа толсын. Балалар мен немере-шөберелердің қамқорлығы мен махаббатына бөленіп, ортамызда аман жүріңіздер!
Мерекелік шараға Алмалы ауданы Белсенді ұзақ өмір орталығынан келіп өз өнерлерін көрсеткен Марқабаева Светлана апайымыз бен Сүйеубаев Төлеубек ағамызға, орталық басшысы Айгүл Тұрарқызына алғыс білдіреміз!
Бұл бастаманың басты мақсаты — егде жастағы азаматтардың көңіл-күйін көтеру, оларға ерекше құрмет көрсету және әлеуметтік белсенділігін арттыру.
Университет ұстаздары мен өнерпаздары аға буын өкілдеріне арнап әсем әндер айтып, би билеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
«Күміс университет» тыңдаушылары өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жылы кездесу форматында сұхбаттасты. Осындай бас қосулар Орталық пен университет арасындағы ынт�

01/10/2026

Бүгін Ганди саябағында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған зейнеткерлер арасында скандинавиялық жүрістен турнир өтті.
Салтанатты жиынды Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Е.О. Қалдарбеков ашып, қатысушыларды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі. Құттықтау сөзді іс-шара демеушілері Алмалы аудандық «Әділет» партиясының төрағасы А.С. Құнтубай, сондай-ақ «Бакарасов Концерні» компаниясының «Кайзер» фирмалық дүкенінің директоры Е. Щербак және «Youthart» ҚҚ құрылтайшысы, VIII шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихатының депутаты К.Ю. Бекмұрзаева жалғастырды.
Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Шара соңында орталық белсенділерінің орындауында әннен шашу шашылды. Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!

Сегодня в парке Ганди прошел турнир по скандинавской ходьбе среди пенсионеров, приуроченный к 1 октября – Международному дню пожилых людей.
Торжественное мероприятие открыл заместитель акима Алмалинского района Е.О. Калдарбеков, поздравив участников с праздником и пожелав им удачи. С поздравительной речью также выступили спонсоры турнира председатель Алмалинского районного филиала партии «Әділет» А.С. Кунтубай, также дире

01/10/2026

«Ұрпақтар сабақтастығы» аясында Алмалы ауданындағы «Шыңға өрле, биікке самға» әлеуметтік балалар орталығының тәрбиеленушілері орталығымызға арнайы келіп, қызмет алушыларымызды Халықаралық Қарттар күнімен құттықтады.
Өнерпаз балалар өз өнерлерін ортаға салып, қарияларымызға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, өздерімен арнайы алып келген мерекелік тәтті бәліштерін тарту етті.
Кездесу жылы әрі әсерлі өтті.

В рамках программы «Преемственность поколений» воспитанники социального детского центра «Шыңға өрле, биікке самға» Алмалинского района специально посетили наш центр и поздравили услугополучателей с Международным днем пожилых людей.
Юные артисты подарили нашим бабушкам и дедушкам творческие номера и праздничное настроение, а также преподнесли праздничные сладкие пироги, которые специально привезли с собой.
Встреча прошла в теплой и душевной атмосфере. #белсендіұзақөмір #центрактивногодолголетия #акиматалмалы #ұрпақтарсабақтастығы #цад

01/10/2026

Халықаралық Қарттар күні қарсаңында №39 қалалық балалар кітапханасының ұжымы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызмет алушыларымен кездесті.
Кездесу барысында кітапхана қызметкерлері ардагерлерді келе жатқан мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Шара соңында қатысушыларға белгілі жазушылардың кітаптары сыйға тартылды.

В преддверии Международного дня пожилых людей коллектив Городской детской библиотеки №39 встретился с получателями услуг Центра активного долголетия.
В ходе встречи сотрудники библиотеки поздравили старшее поколение с наступающим праздником и выразили теплые пожелания.
В завершение мероприятия участникам были подарены книги известных писателей. #белсендіұзақөмір #центрактивногодолголетия #акиматалмалы #кітапхана #цад

Құрметті аға буын өкілдері!1 қазан – Халықаралық Қарттар күні құтты болсын!Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылар...
01/10/2026

Құрметті аға буын өкілдері!
1 қазан – Халықаралық Қарттар күні құтты болсын!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Сіздердің ақыл-кеңестеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз – біз үшін баға жетпес қазына.

Уважаемые представители старшего поколения!
Поздравляем вас с Международным днем пожилых людей – 1 октября!
Желаем вам крепкого здоровья, долголетия и семейного благополучия!
Ваша мудрость и жизненный опыт – бесценное сокровище для нас.

24/09/2026

Белсенді ұзақ өмір орталығының бір топ келушілері ҚР Халық әртісі, әлемге танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызының концертінде болып қайтты.
Әлемдік сахналарда Қазақстанның атын асқақтатып жүрген аңыз тұлғаның өнері қарияларымызға ерекше әсер сыйлады. Кеш барысында қазақ халық әндері мен әлемдік опера жауһарлары шырқалды.
Рухани байлыққа толы осындай мәдени шаралар аға буын өкілдерінің көңіліне қуаныш сыйлап, белсенді ұзақ өмір сүруге деген ынтасын арттыра түседі.
Осындай тамаша кеш сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз.

Группа посетителей Центра активного долголетия посетила концерт Народной артистки РК, всемирно известной оперной певицы Майры Мухамедкызы.
Творчество легендарной личности, прославляющей Казахстан на мировых сценах, произвело неизгладимое впечатление на наших подопечных. В программе прозвучали казахские народные песни и шедевры мировой оперы.
Подобные культурные мероприятия, наполненные духовным богатством, дарят радость представителям старшего поколения и вдохновляют на активное долголетие.
Выражаем огромную благодарность организаторам за этот прекрасный вечер!

#АктивноеДолголетие #МайраМухамедкызы

Address

Желтоксан 29
Almaty
050004

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00

Telephone

+77272780015

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Центр Активного Долголетия г. Алматы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Центр Активного Долголетия г. Алматы:

Shortcuts

Share