03/09/2026
🎂 Туған күнің құтты болсын, Тапа!
Бүгін «Қайрат» қорғаушысы Еркін Тапалов 33 жасқа толды.
Еркін Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауылында дүниеге келген. Ол — оралдық «Ақжайық» клубының түлегі. Кәсіби мансабын 2011 жылы туған клубында бастап, онда тоғыз маусым бойы өнер көрсетті. Сондай-ақ «Жетісу», «Каспий», «Шахтёр», «Тұран», «Қызылжар», «Тобыл» клубтарының намысын қорғады.
2024 жылғы қарашада Тапалов алматылық «Қайратпен» келісімшартқа қол қойды. Қазіргі сәтте сары-қаралар сапында 57 матч өткізіп, 1 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.
Қазақстан құрамасы сапында 2019 жылы дебют жасап, содан бері ұлттық командада 23 ойын өткізді.
«Қайрат» ФК Еркінді туған күніне байланысты құттықтап, зор денсаулық, қорғаныста сенімділік пен командамен бірге үлкен жеңістерге жете берсін деп тілейді! 💛🖤
➖➖➖
🎂 С днём рождения, Тапа!
Сегодня защитнику «Кайрата» Еркину Тапалову исполняется 33 года.
Еркин родился в посёлке Таскала Западно-Казахстанской области. Он является воспитанником уральского клуба «Акжайык». Профессиональную карьеру начал в 2011 году в родной команде, за которую выступал девять сезонов. Также защищал цвета «Жетысу», «Каспия», «Шахтёра», «Турана», «Кызылжара» и «Тобола».
В ноябре 2024 года Тапалов подписал контракт с алматинским «Кайратом». На данный момент провёл за жёлто-чёрных 57 матчей, забил 1 гол и отдал 6 результативных передач.
В составе сборной Казахстана дебютировал в 2019 году и с тех пор провёл 23 матча за национальную команду.
ФК «Кайрат» поздравляет Еркина с днём рождения и желает крепкого здоровья, надёжности в обороне и больших побед вместе с командой! 💛🖤