Қазақстан шахмат федерациясы / Kazakhstan Chess Federation

Қазақстан шахмат федерациясы / Kazakhstan Chess Federation KazChess: соңғы жаңалықтар, турнирлер, іс-шаралар парақшасы

Страница Казахстанской федерации шахмат: новости, события, турниры

Страница Казахстанской федерации шахмат: новости, события.

04/10/2026

Шахмат тек турнирлерде ғана өмір сүрмейді. Ол фильмдерде, кітаптарда, ойындарда және ең ақылды кейіпкерлер күшпен емес, есеппен жеңетін анимелерде де бар.

Біз тексеріп көрмекпіз: осындай екі кейіпкерді бір тақта басына отырғызса не болады? Осылайша, әртүрлі ғаламның кейіпкерлері тек ақыл шешетін алаңда кездесетін жаңа айдарымыз пайда болды.

• Шикамару Нара - «Naruto» анимесіндегі данышпан стратег. Ол өзінің интеллектімен, аналитикалық ойлау қабілетімен және қарсыласының жүрістерін бірнеше қадам алға есептей білуімен танымал.
• L - «Death Note» анимесіндегі гениалды детектив. Ерекше логикаға, байқампаздыққа және стандартты емес ойлау жүйесіне ие.

Ал сіз шахмат тақтасы басынан кімді көргіңіз келеді? Пікірге өз нұсқаларыңызды жазыңыз, ең көп лайк жинаған жұпты келесі бөлімде түсіреміз ♟

4–13 қараша аралығында Малайзияның Кланг қаласында әуесқойлар арасындағы әлем чемпионаты — FIDE World Amateur Chess Cham...
04/10/2026

4–13 қараша аралығында Малайзияның Кланг қаласында әуесқойлар арасындағы әлем чемпионаты — FIDE World Amateur Chess Championship 2026 өтеді.

Бұл FIDE рейтингі 2300-ден төмен шахматшылар үшін әлем чемпионы атануға берілген мүмкіндік.

♟️ Үш санат: U1700, U2000 және U2300

♟️ Ашық және әйелдер арасындағы есеп

♟️ FIDE рейтингі есептелетін швейцариялық жүйе бойынша 9 тур

♟️ Уақыт бақылауы: 1-ші жүрістен бастап 90 минут + әр жүріске 30 секунд

♟️ FIDE-нің 14 тікелей атағы сарапқа салынады

Ұйымдастырушы: FIDE және Малайзия шахмат федерациясының қолдауымен Селангор шахмат қауымдастығы.

⏳ Тіркелу 9 қазанға дейін ашық.

Ережесі мен тіркелу: wacc2026.chesstournament.org

Ұйымдастырушыларға сұрақтар бойынша: [email protected]

•••

С 4 по 13 ноября в малайзийском Кланге пройдет FIDE World Amateur Chess Championship 2026 - чемпионат мира по шахматам среди любителей.

Это шанс стать чемпионом мира для тех, чей рейтинг FIDE ниже 2300.

♟️ Три категории: U1700, U2000 и U2300
♟️ Открытый и женский зачеты
♟️ 9 туров по швейцарской системе с обсчетом рейтинга FIDE
♟️ Контроль: 90 минут + 30 секунд на ход, начиная с первого
♟️ Разыгрываются 14 прямых званий FIDE

Организатор: Шахматная ассоциация Селангора под эгидой FIDE и Федерации шахмат Малайзии.

⏳ Регистрация открыта до 9 октября.

Положение и регистрация: wacc2026.chesstournament.org
Вопросы организаторам: [email protected]

KAZCHESS БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 🎉⠀Жеңімпаздарды құттықтаймыз!⠀Бас жүлде — Самарқанда өткен Дүниежүзілік шахмат Олимпиада...
03/10/2026

KAZCHESS БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 🎉
⠀
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
⠀
Бас жүлде — Самарқанда өткен Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында еліміздің намысын қорғаған Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары шахматшыларының жеке қолтаңбалары қойылған карточкалар. ♟️🇰🇿
⠀
🏆 Жеңімпаздарымыз:
⠀
Бекмурат | Атырау 🇰🇿
the perfect style *.*
kairolda_era

parkyuri1_
serega_alm_
Nazerke Sametkyzy 🦄🦩
Айнагуль Кокшетау
Dias Toibol

⠀
Құттықтаймыз! Келесі апта ішінде сыйлықтарды жіберу үшін қажетті мәліметтерді нақтылау мақсатында әр жеңімпазбен жеке байланысамыз.
⠀
Байқауға қатысып, Қазақстан құрамасына қолдау білдірген баршаңызға рақмет! 🇰🇿

01/10/2026

Алматыда Infinite Chess Cup Almaty 2026 турнирі өтті ♟️

Турнир еліміздің түкпір-түкпірінен келген мүмкіндігі шектеулі шахматшылардың басын қосты.
Қатысушылар 7 тур ойнап, шахматқа толы мазмұнды күн өткізді.

Infinite сөзі «шексіз» дегенді білдіреді. Шахмат тақтасының басында барлығы тең: мұнда дәл есеп, сабырлық пен мінез маңызды. Бұл күнгі әр партия шахматтың баршаға ашық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Турнирге көрсеткен баға жетпес қолдауы үшін серіктестерімізге алғыс білдіреміз:

Timur Turlov
Freedom Инвестиции
Freedom Shapagat Corporate Foundation
ТЕРРИТОРИЯ ДОБРА «FUNDUK». FUNDUK - С ПОЛЬЗОЙ ДЛЯ СЕРДЦА
KazChess Алматы қаласы бойынша филиалы
БАРЬЕР ПЛЮС| СТРОИТЕЛЬНАЯ КОМПАНИЯ| АКТАУ

•••

В Алматы прошёл Infinite Chess Cup Almaty 2026 ♟️

Турнир объединил шахматистов с ограниченными возможностями со всех уголков страны.

Участники сыграли 7 туров и провели насыщенный шахматный день.

Infinite значит «без границ». За шахматной доской все равны: здесь решают расчёт, терпение и характер. Каждая партия этого дня - доказательство того, что шахматы открыты для всех.

30/09/2026

Әр жүріс ойыңызға келген идеядан басталады.
Бастау үшін сырғытыңыз 👉

•••

Каждый ход начинается с идеи в вашей голове.
Свайпните — чтобы начать 👉

Қазақстан шахмат федерациясы әлемнің үздік үш федерациясының қатарына енді 🏆⠀Самарқанда алғаш рет 2024–2026 жылдардағы о...
30/09/2026

Қазақстан шахмат федерациясы әлемнің үздік үш федерациясының қатарына енді 🏆
⠀
Самарқанда алғаш рет 2024–2026 жылдардағы олимпиадалық цикл жетістіктері үшін Халықаралық шахмат федерациясының FIDE Excellence Awards сыйлығы табысталды.
⠀
«Үздік федерация» номинациясында Қазақстан шахмат федерациясы 2-орын иеленіп, Өзбекстан шахмат федерациясына жол берді. 3-орын Бүкілүндістандық шахмат федерациясына бұйырды.
⠀
Сыйлық федерациялардың шахматты бұқаралық спорттан бастап кәсіби шахматқа дейін қалай дамытып жатқанын бағалайды.
⠀
Біз үшін бұл — бүкіл команданың, жаттықтырушылардың, төрешілердің, ұйымдастырушылардың, серіктестердің және, әрине, шахматшыларымыздың еңбегіне берілген жоғары баға.

30/09/2026

Қазақстан Бутанға мектептерде шахматты енгізуге көмектеседі 🇰🇿🇧🇹

Самарқандта өтіп жатқан 46-шы шахмат Олимпиадасы аясында KazChess пен Бутан шахмат федерациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа KazChess-тің бірінші вице-президенті Дармен Садвакасов пен Бутан шахмат федерациясының президенті Тинли Палден Дорджи қол қойды.

Серіктестік аясында:
♟ Бутанның бірнеше мектебінде пилоттық жоба ретінде «Мектептегі шахмат» бағдарламасы іске қосылады;
♟ мұғалімдерге арналған курстар, жаттықтырушыларға тағылымдамалар ұйымдастырылып, FIDE атақтарын алуға дайындық жүргізіледі;
♟ төрешілерге арналған семинарлар мен турнирлік тәжірибе ұйымдастырылады;
♟ ChessClass AI-платформасы мен ChessBase дерекқорларына қолжетімділік беріледі;
♟ екі елдің оқушылары арасында мектепаралық жарыстар мен онлайн-матчтар өткізіледі.

Меморандум 3 жылға жасалды және автоматты түрде ұзартылады.

29/09/2026

Rock, paper, scissors… chess!
Қайсысын таңдайсыз — кітап бойынша дебют үйренуді ме, тақта үстінде партия ойнауды ма?

•••

Rock, paper, scissors… chess!
Что выберете вы — изучать дебюты по книге или партию за доской?

29/09/2026

Таңертең, күндіз, кешке — таңдау белгілі♟

•••

Утро, день или вечер — выбор всегда очевиден♟️

Address

город Астана, Улица Мангилик ел 55/22, Блок С 4-3, каб. 135
Tselinograd
Z05T3F5

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77273270204

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Қазақстан шахмат федерациясы / Kazakhstan Chess Federation posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Қазақстан шахмат федерациясы / Kazakhstan Chess Federation:

Shortcuts

Share

Category