1bol.kz - Бірінші бол

1bol.kz - Бірінші бол 1bol.kz - оқырманға ел спорты, әлемдік турнирлер жайында қызықты материалдар ұсынатын портал

Францияда «Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппені және тағы бірнеше ауқатты адамды ұрлауды немесе тонауды жоспарлады деген күд...
03/09/2026

Францияда «Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппені және тағы бірнеше ауқатты адамды ұрлауды немесе тонауды жоспарлады деген күдікпен 18 жастағы азамат қамауға алынды.

Le Parisien мәліметінше, Клеман Л. есімді күдікті 11 сәуір мен 19 тамыз аралығында жасалған және жоспарланған бірқатар қылмыстың ұйымдастырушысы болуы мүмкін. Ықтимал нысаналардың қатарында футболшылар, рэперлер, зергерлер мен кәсіпкерлер бар.

Тергеушілер күдіктінің ізіне сәуірде Нёйи-сюр-Сен қаласында сағат сатушыға жасалған шабуылдан кейін түскен. Тәркіленген екі ұялы телефоннан 26 адамның аты-жөні, мекенжайы және жеке мәліметтері жазылған тізім табылған. Солардың бірі — Килиан Мбаппе. ⁠

Клеман Л. мен оның болжамды сыбайласы 21 тамызда Нантер сотының алдына жеткізілді. 18 жастағы күдікті қамауға алынып, жеке камераға орналастырылды. Екінші фигурант сот бақылауымен босатылған.

Тергеу кезінде күдікті заңсыз әрекеттерге қатысы барын ішінара мойындағанымен, өзін қылмыстардың ұйымдастырушысы емес, тек делдал ретінде көрсеткен.

Құқық қорғау органдары тізімдегі адамдарға қарсы нақты шабуылдар дайындалғанын және іске тағы кімдердің қатысы болуы мүмкін екенін анықтап жатыр. Тергеу жалғасуда.

27 жастағы Килиан Мбаппе «Реал» сап�

18 жастағы жігіт Килиан Мбаппені ұрлап кетпек болған
03/09/2026

18 жастағы жігіт Килиан Мбаппені ұрлап кетпек болған

Францияда Мбаппеге қарсы қылмыстық жоспардың күл-талқаны шықты

Жадыраев, Айтмұхан, Бақбергенова: Қазақстан Азия ойындарына жұлдызды құрамын жариялады
03/09/2026

Жадыраев, Айтмұхан, Бақбергенова: Қазақстан Азия ойындарына жұлдызды құрамын жариялады

Жапонияда ел намысын еркін, грек-рим және әйелдер күресінен 18 спортшы қорғайды

Алаңнан ақсаңдап шыққан Сәтпаев туралы бапкері мәлімдеме жасады
03/09/2026

Алаңнан ақсаңдап шыққан Сәтпаев туралы бапкері мәлімдеме жасады

Матчтан кейін Сәтпаев «Бернли» сапындағы үздік ойыншы атанды

Қазақстандық футболшы матч кезінде көз жұмды
03/09/2026

Қазақстандық футболшы матч кезінде көз жұмды

Атбасарда футбол матчы кезінде 58 жастағы ойыншы көз жұмды

Қазақстандық шорт-трекші, төрт дүркін Олимпиада қатысушысы Абзал Әжіғалиев 34 жасында кәсіби спорттағы мансабын аяқтады....
03/09/2026

Қазақстандық шорт-трекші, төрт дүркін Олимпиада қатысушысы Абзал Әжіғалиев 34 жасында кәсіби спорттағы мансабын аяқтады. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Әжіғалиев шорт-трекпен 24 жыл айналысып, 2009 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетті. Ол Қазақстан тарихында Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алған алғашқы шорт-трекші атанды.

Спортшы 2014, 2018, 2022 және 2026 жылдардағы қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. Оның Олимпиададағы ең үздік нәтижесі — Бейжіңде 500 метр қашықтықта иеленген төртінші орын.

Әжіғалиев енді жинаған тәжірибесін Қазақстан спортының дамуына арнап, ұлттық құрама мен жас шорт-трекшілерге қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.

Қазақстан күрес федерациясы 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың тізімін бекітті. Жапонияда өтетін дода...
03/09/2026

Қазақстан күрес федерациясы 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың тізімін бекітті. Жапонияда өтетін додада ел намысын еркін, грек-рим және әйелдер күресінен 18 спортшы қорғайды.

Құрама сапына Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев, әлем чемпиондары Ризабек Айтмұхан мен Нұрқожа Қайпанов, сондай-ақ әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова енді.

Алдыңғы Азия ойындарында қазақстандық балуандар төрт медаль жеңіп алған. Мейіржан Шермаханбет пен Жәмила Бақбергенова күміс жүлдеге ие болса, Азат Сәдіков пен Әлімхан Сыздықов қола медаль еншілеген еді.

2026 жылғы жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді.

«Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен «Мидлсброға» қарсы матчта алаңнан ақсаңдап шыққан Дастан Сәтпаевтың жағдайы туралы ай...
03/09/2026

«Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен «Мидлсброға» қарсы матчта алаңнан ақсаңдап шыққан Дастан Сәтпаевтың жағдайы туралы айтты.

1:1 есебімен аяқталған кездесуде 18 жастағы қазақстандық шабуылшы негізгі құрамда шығып, 80 минут ойнады. Матч соңында ол санының артқы тұсынан жайсыздық сезініп, ауыстырылды.

«Оны тексеруден өткізуіміз керек. Әзірге бұлшықеті құрысқан сияқты. Дастан жақсы матч өткізді. Ол тынымсыз еңбек етеді, командаластары да оны сыйлайды. Ауыр жарақат болмайды деп үміттенеміз», — деді Хайен.

Сәтпаевтың 5 қыркүйекте «Бристоль Ситиге» қарсы матчқа қатысуы медициналық тексеруден кейін белгілі болады.

03/09/2026

Қазақстанға келген бельгиялық журналист «Қайрат» футбол клубының ойыншыларымен қазақ тілінде сұхбаттасты.

Әңгіме барысында ол орыс тілін білмейтінін айтып, сауалдарын қазақша қойған. Шетелдік журналистің қазақ тілінде сөйлеген сәті әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің назарын аударды.

Желі қолданушылары журналистің қазақ тілін қолданғанын жоғары бағалап, жылы пікірлерін білдірді.

Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева 5–13 қыркүйек аралығында Үндістанның Бенгалуру қаласында өтетін Tech Mahind...
03/09/2026

Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева 5–13 қыркүйек аралығында Үндістанның Бенгалуру қаласында өтетін Tech Mahindra Global Chess League турниріне қатысады.

Ол FYERS American Gambits командасының намысын қорғайды. Құрамда Жавохир Синдаров, Даниил Дубов, Нихал Сарин, Сара Хадем және Марк-Андриа Маурицци де бар. Асаубаева — командада өткен маусымнан қалған жалғыз шахматшы.

Жалпы жүлде қоры 1 миллион доллар болатын жарысқа алты команда қатысады. Турнирде Магнус Карлсен, Вишванатан Ананд және Ян Непомнящий секілді танымал гроссмейстерлер де бақ сынайды.

Жуырда Асаубаева Сен-Тропедегі WR Women’s Chess Tour кезеңінде рапидтен алтын, блицтен күміс жүлде жеңіп алған еді.

Address

Nur-Sultan
010000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when 1bol.kz - Бірінші бол posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category